Ақтау әуежайында оқыс оқиға болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау халықаралық әуежайында апаттық жағдай орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 30 наурызда Ақтау халықаралық әуежайының аумағында орын алған. Трап баспалдақтарын көтерген арнайы техника жүргізушісі ұшаққа отырғызып, шығаратын гейтті соққан.

Ақтау халықаралық әуежайында аталған факті бойынша ішкі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.


Айта кетейік, бұған дейін әуежайдағы қауіпсіздік қалай сақталатыны туралы материал жарияланған болатын. Онымен мына сілтеме арқылы оқып танысуға болады.
Соңғы жаңалықтар