Ақтау әуежайында иесіз сөмке табылып, жолаушылар эвакуацияланды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау халықаралық әуежайы қоршауға алынды, леп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертең әлеуметтік желіде Ақтау халықаралық әуежайынан жолаушылардың эвакуацияланып жатқаны туралы видео тарады. Куәгерлер әуежай аумағында күдікті зат табылғанын айтқан.


Бұл оқиғаға Ақтау халықаралық әуежайы бас директорының орынбасары Меруерт Жолдыбаева түсінік берді.

«Әуежай ішінде иесі белгісіз чемодан жолаушылардың күдігін туғызған. Бұл туралы бірден құқық қорғау органдарына хабар берілді. Жолаушыларды эвакуациялау жүргізілді. Багаж ішінен қауіпті зат табылған жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар