+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Ақсудағы алтын өндіретін зауытта трансформатор жанды

2020 жылғы 22 мамыр 13:26
Бөлісіңіз:
Ақсудағы алтын өндіретін зауытта трансформатор жанды

АҚСУ. ҚазАқпарат - 18 мамырда Ақмола облысындағы Ақсу кентінде «Қазақалтын» АҚ ТМК аумағында трансформатор отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртті «РЦШ ПВАСС» ЖШС Ақмола филиалының мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің күші сөндірді.

«Бейнежазбада, өрт болған жерде «Қазақалтын» мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметі жүргені жазылған. Степногор қаласының өрт сөндіру қызметіне өрт фактісі туралы хабарлама келіп түскен жоқ» деп мәлім етті Төтенше жағдайлар комитеті.

Яғни өртті кәсіпорынның өз қарамағындағы ұйым сөндірген.

Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтық қорғау туралы» заңның 67-бабына сәйкес, ел аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмыс істейді, олар заңды ұйымдар жанынан құрылады және ұйымдар мен объектілердің өрт қауіпсіздігіне жауап береді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT