Ақсуда көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болған ер адам құтқарылды

None
None
АҚСУ. ҚазАқпарат – Ақсу қаласының полицейлері көпқабатты үйдің шатырынан секіруге оқталған тұрғынды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқиға орнына полиция капитаны Ерлан Ищанов пен полиция старшинасы Ерлан Рахымбердин аттанды. Олар келе салысымен бес қабаттың үйдің шатырына көтеріліп, шатырдың шетінде тұрған ер адамды көреді. Ол секіруге оқталып тұрған еді», деп мәлім етті полицейлер.

Қайғылы оқиғаның алдын алу үшін Ерлан Рахымбердин ер адамды әңгімеге тартып, оның назарын өзіне аударды. Ол осылайша уақыт ұттырғысы келді, өйткені бұл кезде капитан Ерлан Ищанов абайлап қана, білдірмей әлгі адамның артқы жағынан жақындап келе жатқан. Полицей тез арада оны шатырдың шетінен бері қарай тартып алды.

Тәртіп сақшылары ер адамды төменге түсіріп, медицина қызметкерлерінің қолына тапсырды.

Айта кетейік, Ерлан Ищанов - 2002, ал Ерлан Рахымбердин - 2008 жылдан бері полицияда жұмыс істейді.



Соңғы жаңалықтар