+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ақсуда қарттар үйі өртенді

2021 жылғы 24 қыркүйек 09:54
Бөлісіңіз:
Ақсуда қарттар үйі өртенді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ақсуда қарттар үйінен өрт шығып, бір адам зардап шекті7 Оқиға орнында жеке құрамнан 12 адам мен 4 техника жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Каспий жағалауында 10 күн жанған қамыс өрті сөндірілді Орал қаласы маңында орман алқабы өртенді Қарағандыда өрт шыққан үйден 10 адам құтқарылды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қыркүйекте сағат 18.39-да Набережная көшесі, 27 мекенжайы бойынша Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Ақсу қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
- Екінші корпустың бесінші қабатында № 14 палатада 2 шаршы метр алаңда матрац бықсып, қатты түтін пайда болған. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 4-ші және 5-ші қабаттардан 60 адамды эвакуациялады. Автосаты қолданылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны бесінші қабаттағы палатаның терезесіне құрастырылған қол оқпанын берді, - деді департаментте.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бөлімше қызметкерлері зардап шеккен 1937 жылы туған ер адамды эвакуациялады. Ол Ақсу қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.
Өрт 19 сағат 09 минутта сөндірілді.
Өрттің шығуына төсекте темекі шегу себеп болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT