Ақсуда ер адам өзін-өзі өртеп жіберді: 10 адам зардап шекті

None
None
АҚСУ. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық полиция департаменті Ақсу қаласында ер адамның өзін-өзі өртеп жіберу оқиғасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің хабарлауынша, Павлодар облысы Ақсу қаласында жеке үйде өзін-өзі өртеп, мерт болған жергілікті тұрғын ПИК-те дәнекерлеуші болып жұмыс істеген. Ол бұған дейін ұсақ бұзақылық жасағаны және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста құқыққа қайшы әрекеттері үшін сотталған.

«Қаза болған ер адам 2019 жылдың 12 ақпанында «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 12 625 теңге көлемінде айыппұл салынған. Екінші сәуірде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапқа тартылған, алайда Ақсу қалалық соты тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатқан», - деді Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Үшінші сәуірде, сағат 21:08-де Ақсу қалалық полиция бөліміне Б.Момышұлы көшесі, 161 «А» мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Отбасы 45 жастағы әйелдің туған күнін тойлап жатқан. Сол кезде оның күйеуі өзіне бензин құйып, жағып жіберген.1968 жылы туған азамат көз жұмды. Бес адам «термиялық күйік шалып», ауруханаға жеткізілді. Ал, кәмелетке толмаған тағы бес бала иісті газдан уланып, ауруханаға түсті

Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Автор: Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар