Ақсу кенішінде заңсыз жер қойнауын пайдалану оқиғасы анықталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақсу кенішінде заңсыз жер қойнауын пайдалану оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілетеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 13 қарашада Степногорск қалалық ПБ кезекшілік бөліміне «Қазақалтын» ТКМК» АҚ жұмысшысынан хабар түскен. Оның айтуынша, Ақсу кентіндегі кәсіпорын шахтасы аумағында Степногорск қаласының 38 жастағы тұрығын басқарған «КРАЗ» жүк көлігінен 4 қап кен табылған.

«Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 334 бабының 1 бөлігі (жер қойнауын өз еркімен пайдалану) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша санкция 200 АЕК көлемінде айыппұл немесе 50 тәулікке қамау жазасын қарастырады», - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствоның мәліметінше, құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіруге қарсы күрес шаралары тәртіп сақшыларының жіті бақылауында.

Биылғы жылы Бестөбе және Ақсу кентіндегі полиция бекетіне 3 900 «заңсыз алтын іздеуші» жеткізілді. Оның 1760-і ҚР ӘҚбК 506 бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алтыны бар кенді өңдеуге арналған 3 шағын цех тәркіленіп, шахтаның ішіне кіретін 4 саңылау анықталды.

Соңғы жаңалықтар