АҚШ жағалау күзеті Флорида маңында суға батқан қайықтағы 39 адамды іздеп жатыр

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - АҚШ жағалау күзеті Флорида жағалауынан 70 шақырымдай жерде аударылған қайықтағы 39 адамды іздеп жатыр. Бұл туралы сейсенбі күні Twitter-де жарияланған жағалау күзеті мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таралған ақпаратқа сәйкес, белгісіз біреу сейсенбі күні таңертең құзырлы органдарға қайық батып бара жатқанда аман қалған бір адамды құтқарғаны туралы хабарлаған. Құтқарылған адамның айтуынша, қайықта тағы 39 адам қалған, бұлар өткен сенбіде Багам аралдарынан шыққан. Біраз уақыттан кейін олардың қайығы Флорида жағалауынан 70 шақырымдай жерде дауыл салдарынан аударылып қалған.

«Іздеу шарасына көптеген қайықтар мен ұшақтар тартылды. Болжам бойынша, қайық адамдарды заңсыз тасымалдау үшін пайдаланылған», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар