АҚШ-тың сауда орталығында атыс болып, 4 адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицияның нақтыланбаған мәліметтері бойынша, АҚШ-тың Вашингтон штатына қарасты Берлингтон қаласындағы сауда орталығында болған атыс кезінде 4 әйел мерт болған. Бір ер азаматттың денсаулық жағдайы мүшкіл және ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды www.bbc.com.

Cascade Mall сауда орталығының айналасын қазір полиция қызметкерлері қоршауға алды. Қанды оқиғаны ұйымдастырған азамат іздестірілуде.

Полиция өкілдері шабуылдаған азаматтың жалғыз болғандығын айтып отыр. АҚШ билігі күдікті азаматтың суретін жариялады. Оның түр-әлпеті латынамерикалық тұрғындарға келеді. Ол сұр түсті киім киген және мұздай қаруланған.

Шабуылдың себеп-салдары әзірге белгісіз.

Шабуыл жасады деп күдік келтіріліп отырған азамат I-5 автомагистраліне қарай кеткен, деп хабарлайды Seattle Times куәгерлердің сөздеріне сілтеме жасап.

Вашингтон штаты полициясының өкілі Марк Фрэнсис твиттердегі парақшасында шабуылдан аман қалғандардың көрші шіркеуге көшірілгендігін айтуда.

Оның сөзінше, шабуылдаушы сауда орталығынан полиция қызметкерлері келмей тұрып, кетіп қалған. Берлингтон қаласы Сиэтл қаласының солтүстігінен 100 км қашықтықта орналасқан.

Соңғы жаңалықтар