22:00, 30 Қыркүйек 2020 | GMT +6
АҚШ-тың MTV арнасында Димаштың қазақ тіліндегі бейнебаяны көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - MTV USA арнасында Димаш Құдайбергеннің қазақ тілінде шырқаған әнінің бейнебаяны көрсетіледі. Осылайша Димаш – MTV арнасынан өз тілінде ән салған тұңғыш қазақстандық әнші атанғалы отыр. ҚазАқпарат бұл туралы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнебаянды MTV USA арнасының ресми YouTube желісі арқылы АҚШ-тан өзге кез-келген ел тамашалай алады.
«Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түпкіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес, төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз», – деп Димаш өз лебізін білдірді.
Бейнебаян осы жұма күні Нью-Йорк уақытымен 17:00 мен 20:00 аралығында, ал Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 03:00 мен таңғы 06:00 аралығында жүктелетіні белгілі болып отыр. Бұл Америкада жұма күнгі прайм-тайм уақыт. Дәл осы уақытта MTV арнасын ең көп көрермен қарайды.