АҚШ-тың бас инфекционисі коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның қауіпсіз екеніне күмәнданды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ТАСС - ҚазАқпарат – АҚШ-тың бас инфекционисі коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның қауіпсіз екеніне күмән келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-тың Аллергия мен инфекция аурулары ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі тіркеген коронавирус инфекциясының алдын алу үшін шығарылған әлемдегі алғашқы жаңа вакцина қауіпсіз және нәтижелі болатын шығар деген үмітін білдірді. Құрама Штаттардың бас инфекционист дәрігері сейсенбі күні National Geographic телеарнасы ұйымдастырған сарапшылар пікірталасы кезінде осындай пікір білдірген.

«Мен ресейліктер бұл вакцинаның қауіпсіз және тиімді екенін барынша анықтады деп үміттенемін. Алайда, олардың соны жасағанына күмәнім зор», - деді Фаучи.

«Вакцина жасау және оның қауіпсіз әрі тиімді екенін растау – бұл екі бөлек нәрсе. Біз алты немесе одан да көп вакцинаны әзірлеп жатырмыз. Егер тәуекелге бел буып, көптеген адамға залал келтіргіміз келсе, оларға жұмыс істемейтін вакцинаны келесі аптада-ақ бере алатын едік. Алайда, бұлай жасалмайды», - деп түсіндірді Фаучи. Ол осы арқылы АҚШ-та қабылданған сертификаттау рәсімдері туралы мегзегенін білдірді.

Шілде айының соңында АҚШ Конгресі өкілдерінің палатасында Коронавирус дағдарысын еңсеру жөніндегі арнайы комитеттің талқылауында Аллергия мен инфекция аурулары ұлттық институтының директоры

АҚШ-тың коронавирустан вакциналау бойынша басқа елдерге тәуелді болмайтынын мәлім еткен еді. Ол ресейлік және қытайлық әріптестерінің жетістіктеріне күмән білдірді.

Еске сала кетейік, 11 шілдеде Ресей алғашқы болып коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркегені туралы хабарлады.



Соңғы жаңалықтар