+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

АҚШ-тағы қордың азаюына байланысты мұнай қымбаттайды

2016 жылғы 21 желтоқсан 10:22
Бөлісіңіз:
АҚШ-тағы қордың азаюына байланысты мұнай қымбаттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық мұнай институты мен елдің Энергетика министрлігі АҚШ-тағы «қара алтын» қорының статистикасын жариялауы қарсаңында мұнайдың әлемдік құны артады.

Сарапшылардың пікірінше, осы аптада «қара алтынның» қоры төмендеген. Сауда мәліметіне сүйенсек, Астана уақыты бойынша кеше 22.04-те Brent маркалы солтүстікмұхиттағы мұнай қоспасының ақпандағы фьючерстерінің құны барреліне 1,55%-ға - 55,77 долларға өсті. WTI маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны барреліне 1,07%-ға - 53,63 долларға жетті, деп хабарлайды РИА Новости.


Сәрсенбі күні АҚШ Энергетика министрлігі «қара алтын» қорының ресми статистикасын жариялайды.

Рейтер агенттігі жүргізген сауалнамаға қарағанда, сарапшылардың болжамынша бір аптада қор 2,425 миллион баррельге кеміген немесе 0,5%-ға - 480,77 миллион баррельге дейін азайған. 9 желтоқсан күні аяқталған өткен апта да қордың күрт төмендегенін көрсетті.

Landesbank Baden-Wuerttemberg сарапшысы Фрэнк Кламптың (Frank Klumpp) пікірінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы жақын апталарда барреліне 53-57 доллар аралығында болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT