АҚШ-та жүйіткіген пойыз көлікті қағып өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орландода (АҚШ) теміржол өткелінде пойыз автокөлікке соқтығысты. Оқиға түсірілген видеотаспа Twitter-дегі жергілікті полицияның парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қара түсті жол талғамайтын көліктің жүргізушісі басқа автокөліктермен бірге теміржол өткелінен өтіп үлгере алмаған. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанғанда ғана орнынан қозғалған. Тап осы сәтте жүйіткіген пойыз оны қағып өткен.

Зардап шеккен жүргізуші ауыр жарақат алған. Ол қазір ауруханада жатыр.

Соңғы жаңалықтар