АҚШ-та ұсталған қазақстандық консулдыққа хабарласпаған – ҚР СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ -та электроника контрабандасына күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы ҚР консулдығына хабарласпаған, деп жабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«АҚШ құқық қорғау органдарының біздің Нью-Йорктегі Бас консулдыққа берген мәліметіне сәйкес, ұсталғандардың арасында шынымен де бір Қазақстан азаматы бар. Ол қазір қамауда және электронды техниканың заңсыз контрабандасымен айналысты деп айыпталуда. Тергеу шаралары басталды.

Бүгінгі таңда біздің отандасымыз консулмен кездесуді немесе қандайда бір көмек сұраған жоқ. Дегенмен, Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы ұсталған ҚР азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру бойынша барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетумен айналысатын болады», - деп хабарлады сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметі.

Қолда бар ақпарат бойынша, аталған қазақстандық азамат соңғы 10 жылда АҚШ аумағында тұрған.


Соңғы жаңалықтар