АҚШ-та ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан төрт адам мерт болды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл моторлы ұшақ Юта штатының Ривердейл қаласына жақын жердегі тасжолға құлаған. Сәрсенбі күні АҚШТ-тың (Юта штаты) Ривердейл қаласына жақын жердегі автомагистральға жеңіл моторлы ұшақтың құлауы салдарынан кем дегенде төрт адам мерт болған. Бұл туралы жергілікті Қоғамдық қауіпсіздік департаменті хабарлады. 

Reuters агенттігінің жазуынша, оқиға Солт-Лейк-Сити қаласынан солтүстікке қарай 55 шақырым жерде болған.

«Ұшақ тасжолдың үш жолағынан ұшып өтіп, жолдарды бөліп тұратын барьерге соқтығысқан», - деп түсіндірді агенттікке штаттың полиция өкілі Тодд Ройс.

Сондай-ақ, ол осы уақытта жолда болғандардың ешқайсысы зардап шекпегенін атап өтті. Тәртіп сақшылары қаза тапқандарды анықтауда, полиция ұшақтың не себепті апатқа ұшырағанын тексеріп жатыр.




Видео: Twitter/Breaking911

Соңғы жаңалықтар