АҚШ-та мұнай бағасы 3 пайызға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-та жеткізіліммен қиындық туындауына және Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкциясы туралы ақпаратқа байланысты мұнай бағасы 3%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Fox Business-ке сілтеме жасап.

West Texas Intermediate мұнайы фьючерстері 3,82 долларға немесе 3,7%-ға, баррелі 106,25 долларға өсті.

Brent маркалы мұнайының фьючерстері $3,74 немесе 3,5%-ға, баррелі $108,71-ге қымбаттады. Мұнай бағасы Еуропа Одақтың Мәскеудегі мұнай өнеркәсібіне бағытталған Ресейге қарсы жаңа санкциялар бойынша жұмыс істеп жатқандығы туралы жаңалықтардан кейін бірден өсті.

Алдағы кезеңде Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы жоспарын жарияламақ.


Соңғы жаңалықтар