АҚШ-та компьютердегі ақау мыңдаған жолаушыны әуежайда күттіріп қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұма күні АҚШ әуежайларына ұшып келген жолаушылар кеден және шекара бақылау қызметінің электронды жүйесіндегі ақауға байланысты бірнеше сағат күтіп отыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Жүйедегі іркіліс салдарынан бірнеше мың жолаушы кезек күтіп отырды.

Америка билігі компьютер жүйесі қайта қосылғанын мәлім етті, жолаушылар мәліметі қайта өңделеді. Өйткені жүйе өшірілген соң шетелден келген жолаушылар кідіріп қалды. Елдің 4 штатында осындай жағдай байқалды.

АҚШ Кеден және шекаралық бақылау қызметі бұған дейін мәселе шешім тапқанша «балама үдерістерді» пайдаланатынын, ол «бұрынғыға қарағанда көбірек күтуге тура келетінін» мәлімдеген еді.

«Қазіргі уақыттағы мәлімет бойынша ақау қасақана жасалмаған», - делінген қызметтің таратқан хабарламасында.

Компьютерлік жүйедегі ақау ұшып кететін жолаушылардың сапарына кедергі келтірмеді.


Фото NBCNews

Соңғы жаңалықтар