АҚШ-та кеме бортындағы жарылыстан 13 адам зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Американың Флорида штатындағы Форт-Лодердейл қаласында тұрған кеменің бортында болған бірқатар жарылыстардан кем дегенде 13 адамды күйік шалған. Бұл туралы ҚазАқпарат CNN телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мәліметінше, кеме бортында 21 адам болған.

Оқиға Нью-Ривер өзенінде орын алды. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар