АҚШ-та карантинге жабылған круиздік лайнерде Ресей азаматтары бар

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – ТАСС – Grand Princess круиздік лайнерінің бортында төрт Ресей азаматы бар. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Бортта төрт РФ азаматының бар екенін растаймыз, олардың барлығы – экипаж мүшелері. Жолаушылар арасында ресейліктер жоқ», - деді Princess Cruises компаниясының баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, «Grand Princess» круиздік лайнері Калифорния жағалауында теңізде карантинге жабылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. 21 ақпанда Сан-Францискода кемеден түскен екі жолаушыдан коронавирус табылған болатын.

Сәрсенбі күні олардың бірі, 71 жастағы ер адам Сакраментода клиникада көз жұмды. Оның коронавирус жұқтырғанға дейін денсаулығы нашар болған.


Соңғы жаңалықтар