АҚШ-та «Эмми» сыйлығына үміткерлер аталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жабайы батыстың әлемі» («Мир Дикого Запада») фантастикалық сериалы мен «Сенбілік кеште тікелей эфирде» («Субботним вечером в прямом эфире») бағдарламасы номинациялар саны бойынша «Эмми» беделді америкалық телевизиялық сыйлығының номинанттар тізімінде көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Үміткерлердің тізімін бейсенбі күні Лос-Анджелесте Телевизиялық ғылымдар мен өнер академиясы жариялады. HBO арнасынан көрсетіліп жатқан «Жабайы батыстың әлемі» сериалы 22 санат бойынша номинацияланды. Телехикаяда басты рөлді сомдап жатқан Энтони Хопкинс пен Эван Рэйчел Вуд үздік актер мен актриса атағы үшін бақ сынайды. Көрерменге NBC арнасы арқылы жол тартқан «Сенбілік кеште тікелей эфирде» бағдарламасы да 22 номинацияға ұсынылып отыр. Соңғы кезде бұл телебағдарлама өз эфирінде АҚШ президенті Дональд Трампқа пародияларды тұрақты түрде көрсету арқылы рейтингін арттырып келеді.  

Мемлекет басшысының рөлін сомдайтын америкалық актер Алек Болдуин екінші пландағы үздік комедиялық актер атағына үміткер. Saturday Night Live тұсаукесері 40 жыл бұрын болған. Ол АҚШ-тағы ең танымал кешкі шоулар қатарына кіреді.  Биыл номинация саны бойынша көшбасшылар қатарында «Дұшпандық» («Вражда») және «Өте қауіпті істер» («Очень страшные дела») сериалдары бар. Олардың екеуі де 18 номинацияға ұсынылған. «Вице-президент» атты саясат туралы сатиралық сериал - 17 номинацияның, «Үлкен аздаған өтірік» («Большая маленькая ложь»)  және «Фарго» 16 номинацияның жүлделерінен үмітті.

«Эмми» - телевидение саласындағы америкалық сыйлық. Ол жыл сайын телеиндустрияның әртүрлі саласына табысталады. Сыйлықты табыстаудың 69-шы салтанатты рәсімі 17 қыркүйек күні өтеді. Ол CBS арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Соңғы жаңалықтар