АҚШ-та Диснейленд қайта жұмыс жасай бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Калифорниядағы Диснейленд қайта ашылды. Әзірге тек штатының тұрғындары үшін, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Әлемге әйгілі ойын-сауық паркі пандемияға байланысты 13 айдан астам уақыт бойы жабық болды. Қазір мұндағы жағдай едәуір жақсарды: калифорниялықтардың үштен бірі вакцина алды және штат билігі Диснейлендтің жұмысын қайта бастауға рұқсат берді. Көптеген келушілер Диснейленд олар үшін ұзақ уақыт шектеулерден кейінгі жақсы болғанын айтады. Саябақтардың жабылуына байланысты компанияға келген шығындары миллиардтаған долларды құрады. Шамамен 32 мың адам жұмыссыз қалды. Енді олардың үштен бірі қауіпсіздік шараларына байланысты қосымша нұсқаулардан өтіп, қайтадан жұмысқа кірісті.


Соңғы жаңалықтар