АҚШ-та дауыл салдарынан 300 мыңға жуық адам жарықсыз қалды

None
None
ЛУИЗИАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Луизиана штатында «Зета» дауылы салдарынан ағаштар құлап, жағалаудағы жолдарды су басып қалды. Штаттың 300 мыңға жуық адамы электр жарығынсыз отыр, олардың 230 мыңнан астамы – Жаңа Орлеан қаласы мен оның маңында, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-тың Дауылды бақылау ұлттық орталығы «Зета» солтүстік-шығысқа қарай 11 м/с жылдамдықпен жылжып бара жатыр деп хабарлады. Дауылдың жылдамдығы, екпінін қоспағанда, 46 м/с-қа жетеді.


Соңғы жаңалықтар