АҚШ-та бір тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның төрт милионнан астам дозасы салынды

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше соңғы 24 сағатта коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 миллионнан астам дозасы салынды. Бұл ретте жеті күндегі вакцинацияның орташа көрсеткіші күніне 3 миллионнан астам доза мөлшеріне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Егер адамдар маска тағып жүрсе, халық көп жиналатын жерден аулақ болса, вакцинация осындай қарқынмен жалғасатын болса, АҚШ-тағы өмір тезірек бұрынғы қалыпқа келеді, деді президент Джо Байденнің Covid-19 бойынша бас медициналық кеңесшісі доктор Энтони Фаучи.

«Бұл пандемия мәңгілікке созылмайды, өйткені күн сайын 4 миллион, 3 миллион адам вакцина алады, біз жағдайды бақылауға жетіп қалдық. Тағы біраз күтсек, вакцина мен вакцинация елдегі вирустың көбеюін жеңеді. «Вакцинаның» жеңетініне күмән жоқ»,- деді ол.

Орталықтың мәліметінше, АҚШ-та Сovid-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасы салынғаннан бері шамамен 109 күн өтті, содан бері 104 миллион адам кемінде бір дозадан алды. Олардың 59 миллионнан астамы толығымен вакциналанды.

3 сәуірдегі жағдай бойынша АҚШ-та 161 миллионнан астам доза салынған. Жұма күнінен бері салынған вакциналар саны 4 081 900 дозадан астам, жеті күнде күніне орта есеппен 3 072 500 доза егілген.

АҚШ-та вирусты 30,6 миллионнан астам адам жұқтырған, одан 554 522 адам қайтыс болған. Сол себепті де сарапшылар мен шенеуніктер аурудың ықтимал төртінші толқынына дейін халықты вакциналауға асығуда.

Автор: Татьяна Кудренок


Соңғы жаңалықтар