АҚШ-та әуеде ұшақтың қозғалтқышы жарылды, бір адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жолаушылар ұшағының бір қозғалтқышы әуеде жарылып кетті, апаттан бір адам қаза тапты және жеті жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап.

Southwest Airlines компаниясының 1380-рейсі Филадельфияға қонуға мәжбүр болды. Оқиға салдарынан ұшақтың қанатына, фюзеляжы және терезелеріне зақым келген.

Оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні таңертең болған. «Боинг» 737-700 ұшағы Нью-Йорктан Далласқа рейс жасаған. Бортта 143 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.

nullКуәгерлердің айтуынша, жарылыстан кейін қысымның әсерінен сынған терезеге бір әйел кептеліп қалған, алайда басқа жолаушылар оны ішке тартып кіргізген.
null

Ұшақ Филадельфияға Гринвич бойынша сағат 15.20-да сәтті қонды.

Қазір АҚШ-тың Азаматтық авиация федералдық агенттігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Көлік қауіпсіздігі бойынша АҚШ-тың ұлттық басқармасы (NTSB) бір адамның қаза тапқанын растады.

Филадельфия өрт қызметінің басшысы Адам Тиэльдің хабарлауынша, жарақат алған жеті жолаушыға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қайтарылған.

Оның айтуынша,  жолаушылар мен экипаж «қиын жағдайда өздерін жақсы ұстай білген».

Өрт сөндірушілер қозғалтқыштардың бірінде жанармай ағып, соның салдарынан өрт шыққанын анықтады. Жерге қонғаннан кейін өрт сөндірілген. 

Басты фото: @joeasaprap

Фото: @EMMS_MrJohnson, @mtranchin

Соңғы жаңалықтар