АҚШ-та 9 жасар бала төрт адамның өліміне кінәлі деп танылды

None
None
ЧИКАГО. ҚазАқпарат – «Доңғалақтағы үйді» өртеді деп күдіктелген 9 жастағы балаға бірінші деңгейдегі адам өлтіру айыбы тағылып отыр. Өрт салдарынан үш бала мен екі ересек адам көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат АР News-ке сілтеме жасап.

6 сәуір күні болған оқиғаның салдарынан бір жасар сәби мен 2 жастағы екі бала және 34 жастағы ер адам мен 69 жастағы әйел адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға Чикагоның оңтүстік-батысына қарай 240 шақырым жердегі Гудфилд елді мекеніндегі Timberline мобильді үйлер паркінде болған.

Вудфорд округінің тергеушісі Тим Рустман өрт қасақана қойылғанын мәлім етті.

«Бұл оңай шешім болған жоқ. Жап-жас балаға осындай ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Тергеу соңына дейін жүруі керек деп ойлаймын», - деді округ прокуроры Грэг Мингер.

Мингердің айтуынша, бала айыпты боп танылған жағдайда шартты түрде босатылып, кем дегенде 5 жылға полицияның бақылауына алынады. Сондай-ақ, терапия сеанстарынан өтуі ықтимал.

10 жасқа дейінгі балаларға адам өліміне қатысты айып өте сирек тағылатынымен, мүлдем болмайды деген сөз емес.

Өткен айда Мичиган штатының судьясы Стерджистің жанындағы үйінде анасын атып өлтірді деп айып тағылған 9 жасар баланың кінәсіз екенін мәлім еткен еді. Сент-Джозеф округі отбасылық бөлімінің судьясы Дэвид Томлинскон Мичиган штатының заңы бойынша бала 10 жасқа толмағандықтан құзыреті жоқтығы туралы қаулы қабылдады.

Соңғы жаңалықтар