АҚШ президенті энергетикалық тапшылық қаупіне байланысты төтенше жағдай жариялады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Джо Байден электр энергиясын өндіру қуатына қауіп төніп тұрғандықтан елде төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі teleSUR басылымына сілтеме жасап.

Джо Байден жасыл энергияның басқа түрлерімен қатар күн панельдерінің ішкі өндірісін ынталандыру үшін Қорғаныс өндірісі туралы заңға қол қойды.

Сондай-ақ, АҚШ президенті елдің сауда министрі Джин Раймондоға Камбоджа, Малайзия, Таиланд және Вьетнамнан күн батареялары мен модульдерін импорттау үшін екі жыл мерзімге немесе төтенше жағдай жойылғанға дейін баж төлеуден босату арқылы проблеманы шешуді ұсынды.


Соңғы жаңалықтар