АҚШ президенті Дональд Трамп ауруханаға жатқызылды

None
None
МЭРИЛЕНД. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамп тікұшақпен әскери госпитальға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл сақтық шараларын жасау мақсатында жасалған.

СNN агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Ақ үйден Мэриленд штатындағы Уолтера Рида әскери-медициналық ұлттық орталығына тікұшақпен жеткізілген.


Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның зайыбы Мелания коронавирус жұқтырды.

«Бүгін кешке АҚШ-тың бірінші ханымы және мен коронавирусқа тест тапсырдық. Ол оң нәтиже көрсетті. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауды бастап кеттік. Біз бұны бірге еңсереміз!» - деп жазды президент Twitter -де.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Трамп пен оның жұбайы Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Соңғы жаңалықтар