АҚШ президенті Бельгияға барады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Джо Байден жексенбі күні кешке Бельгияға келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джо Байденді әскери әуежайда Бельгияның премьер-министрі Александр Де Кроо күтіп алады. Бельгияға салмағы 8 тоннадай болатын «Зверь» (The Beast) лақап атымен арнайы брондалған АҚШ президентінің лимузині жеткізілді.

Брюссельде Ақ үй басшысы АҚШ-НАТО және АҚШ-ЕО саммитіне қатысады.

Дүйсенбі күні НАТО саммиті өтеді, онда Альянстың 2030 жылға дейінгі стратегиясын бекіту, климат, киберқауіпсіздік, Ауғанстаннан әскерлерді шығару және қауіпсіздіктің басқа да өзекті тақырыптарын талқылау жоспарлануда.

Саммит аясында Джо Байден сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі.

Сейсенбі күні Джо Байденнің Бельгия королі Филипппен, Премьер-министр Александр Де Кроомен, Сыртқы істер министрі Софи Уилмспен жүздесуі жоспарланған.

15 маусым күні түстен кейін Джо Байден ЕО басшылары Шарль Мишельмен және Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі.

Ал, сейсенбі күні кешке Ақ үй басшысы Швейцарияның Женева қаласына ұшып барады, онда Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізеді.



Соңғы жаңалықтар