АҚШ пен Ұлыбритания елшіліктері қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ пен Ұлыбритания елшіліктері әлеуметтік желілерде түрлі роликтер жариялап, қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазақстан Халқының Бірлігі күні құтты болсын! Happy Unity Day! Достастық әрдайым біздің балаларымызды бөлесін!», - деген құттықтау сөздерін Instagramda жариялады елшілік. 

Видеода қолдарында «All for one. And one for all!» (Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!), «Бірлік», «Келісім», «Ынтымақ» және басқа да жазулары бар парақтарды ұстап тұрған балалар бейнеленген.

ҚР-дағы Ұлыбритания Елшісі Майкл Джон Гиффорд өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанда 120-дан астам ұлттық достық пен келісімде өмір сүріп, өз мәдениетін дамытып жатқанын атап өтті.

«Бүгін Қазақстан халқы бірлік пен ынтымақтастық күнін тойлауда. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда 120-дан астам ұлт тұрады және әрбір ұлт өзінің бірегей ерекшеліктері арқылы Қазақстан мәдениетін байытады. Мен күн сайын қазақ халқының қонақжайлылығы, жарқын және адал қасиеттерін байқаймын. Біздің достығым ұзақ және жемісті болғанын қалаймын. Сіздерге бірлік, бейбітшілік және амандық тілеймін. Мерекелеріңізбен!»,-деді елші.

Соңғы жаңалықтар