АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Елбасының сауығып кетуін тіледі: Get well soon and aman bolynyz!

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа COVID-19-дан толықтай айығуын және тезірек сауығып кетуін тілеймін. Бұл елдеріміз үшін аса қиын кезең. Бірлесіп осы ауруды жеңетінімізге сенімдімін. Сауығып кетіңіз! Аман болыңыз!», деп жазды АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Твиттерде.

Еске салайық, 18 маусымда Елбасының коронавирусқа жасаған ПЦР-тесті оң нәтиже бергені белгілі болды . ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы медицина қызметінің бақылауында екенін хабарлады. Елбасы заманауи коммуникация каналдарын қолдана отырып, қашықтан жұмыс істеп жатыр.



Соңғы жаңалықтар