АҚШ Еуропа мен Украинаны қолдау үшін қомақты қаржы бөлмек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ Еуропаға көмек көрсету үшін 53,6 миллиард доллар және Украина үкіметін қолдау үшін ай сайын 1,5 миллиард доллар бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Wilson Center-ге сілтеме жасап.

13 маусымда Вашингтондағы Вудро Вилсон атындағы орталықта «Маршалл жоспарына 75 жыл, Украинадағы жағдайдан қандай сабақ алуға болады» тақырыбында конференция өтті. АҚШ Мемлекеттік департаментінің Еуропа және Еуразия істері жөніндегі бюросында мемлекеттік хатшы көмекшісінің бірінші орынбасары Дерек Хоган (АҚШ-тың Молдовадағы Елшілігінің бұрынғы елшісі) сөз сөйлеу барысында Маршалл жоспарының арқасында америкалықтар мен еуропалықтар бірге Еуропаның жандануына өз үлестерін қосқанын атап өтті.

Маршалл жоспарының идеалдары 75 жыл бұрынғыдай бүгін де өзекті. АҚШ пен Еуропа елдерінің ортақ мақсаттары – өзара экономикалық өркендеуді қамтамасыз ету, трансатлантикалық қауіпсіздік, ортақ құндылықтарды ілгерілету. АҚШ-тың соңғы үш айда иелігінде болған жалпы қаражат сома 53,6 миллиард доллардан асады. Ол оны ЕО-ға өзінің халықаралық серіктестерімен толық үйлестіруге көмектесу үшін пайдаланады. АҚШ украин режимін сақтау үшін тікелей бюджеттік көмек көрсетеді. Осы мақсатта Ақ үй әртүрлі механизмдерді қолдана отырып, 1 миллиард доллар бөлді.

Сондай-ақ алдағы төрт-бес айда Киевке ай сайынғы көмек ретінде шамамен 1,5 миллиард доллар пайдалануға ниетті. Қаржыландыру әскери және азық-түлік қауіпсіздігі, шекара қызметтеріне, азаматтық қоғам мен БАҚ-қа қолдау көрсету мәселелерін қамтитын болады.


Автор: Рүстем Қожыбаев


Соңғы жаңалықтар