АҚШ елшісі «Қара жорға» биін биледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ елшісі Джордж Крол қазақтың ұлттық биі - қара жорға биледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Дипломаттың билеп жатқаны түсірілген видео елшіліктің Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған.

«Би мен әннің тілі - баршаға ортақ. Би - ойды, көңіл-күйді, мәдениетті білдіреді. Бүгін халықаралық би күні. Билеңіздер, достар», - делінген видеодағы жазбада.

Айта кетейік, Джордж Крол қазақстандықтарды ұдайы қазақ тілінде құттықтайды. Соңғы рет Тәуелсіздік күнінің құрметіне ыстық лебізін білдірген болатын.

Язык танца и музыки -един!💃🏻🕺🏼Танец - это выражение мысли, настроения, культуры. Сегодня Международный день танца! Танцуйте, друзья!🙂

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz) 28 Апр 2018 в 9:41 PDT

Соңғы жаңалықтар