АҚШ Елшісі: Елорда – өте қонақжай қала

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Уильям Мозер еліміз тұрғындарын Елорда күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл – өте қонақжай қала. Осында тұрып, Қазақстанның жастары қызығушылықпен өмір сүріп жатқанын көремін, олар дарынды және білімді. Қазақстанның жарқын болашағы бар деп сенемін», - деді Елші.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар астанамыз - Нұр-Сұлтан қаласының мерекесін атап өтуде.

Мерекеге орай елордада отшашу болатыны жоспарланған.

Қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің видеоқұттықтауында Нұр-Сұлтан қаласы – Тәуелсіз Қазақстанныңең үлкен жетістігі екенін атап өтті.





Соңғы жаңалықтар