АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын ресми мәлімдеді

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Америка Құрама Штаттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) құрамынан шығады. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ бұл туралы ДДҰ жарғысының депозитарийі саналатын - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті хабардар еткен. Шешім 2021 жылы 6 шілдеде күшіне енуі тиіс.

Ақпаратты БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик растады. Құрама Штаттары 1948 жылдың 21 маусымынан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрамында.

Әлем елдері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына белгілі бір шартпен қабылданады. Ұйым құрамынан шығуға ниетті мемлекет бұл қадамы туралы бір жыл бұрын хабардар етуге тиіс. Сондай-ақ ДДҰ алдындағы өзінің қаржылық міндеттемелерін толық өтеуге міндетті.

Ал БҰҰ Бас хатшысы ДДҰ Жарғысының депозитарийі ретінде ол мемлекеттің Ұйымнан шығуы үшін барлық шарттардың сақталған-сақталмағанын тексереді.

Соңғы жаңалықтар