АҚШ билігі Ким Чен Ынның мәлімдемесіне жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Солтүстік Корея атом сынағы мен континентаралық зымырандарды сынақтан өткізуге қойылған мораторийден бас тартпайтынына үміттенетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Майк Помпео Солтүстік Корея соғысты емес, бейбітшілікті таңдайтынына сенетінін жеткізді.

«Көпшілік алдында айтылған бұл мәлімдеме орындалмай, Ким басқа жолды таңдайтынына үміттенеміз. Ким дұрыс жолды, соғысты емес, бейбітшілікті таңдайды деп ойлаймын», - деді Помпео.

Журналистер Помпеодан Кимнің жаңа стратегиялық қаруға байланысты айтқан мәлімдемесіне қатысты пікірін сұрады.

«Егер Киім Трамппен кездесуде өзіне алған міндеттерді атқармаса, бұл Американың көңілін қалдырады. Ол Трамп ірі әскери жаттығулар ұйымдастырмаса осы міндеттерді атқарамын деп уәде берген. АҚШ өз сөзінде тұрды. Солтүстік Корея да өз сөзінде тұрады деп сенеміз», - деді Помпео.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Корея ядролық сынақтарды қайта бастайтынын мәлімдеген еді.








Соңғы жаңалықтар