Ақсайдағы тамақтан улану: 9 адам дәрігерге жүгінген

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында тамақтан жаппай уланған адамдар саны 9-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғанындай, Ақсайда 6 адам тамақтан уланып, ауруханаға түскен болатын.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нақтылағанындай, өткір гастроэнтероколит деген күдікпен барлығы 9 адам дәрігерге жүгінген.

Бұлардың алтауы аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне, соның ішінде екеуі жансақтау бөліміне жатқызылған. Күні бүгін науқастардың бәрі жұқпалы

аурулар бөлімшесінде. Сонымен қатар 3 адам амбулаторлық ем алуда. Олардың барлығының жағдайы орташа ауыр.

Бөрлі ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тексерген кезде компанияның 7 қызметкері 10 мамыр күні Қарашығанақ газмұнай конденсаты кенішінде орналасқан асханалардың бірінде кешкі тамақ ішкені анықталды. Екі қызметкер тамақты үйге

алып кеткен. Соның салдарынан отбасының екі мүшесі уланды.

«Ауруханаға түскен кезде науқастардың бәрі іші өтіп, құсқаны, дене қызуының көтерілгені жөнінде айтып, шағымданған. Қазіргі таңда аталған асханаға қатысты жоспардан тыс тексеру басталды, зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жалғасуда», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында екі автокөлік соқтығысып, үш баланың зардап шеккенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар