+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Ақсақалға қол көтеру оқиғасы бойынша сараптама жүргізіліп жатыр - Ерлан Тұрғымбаев

2020 жылғы 21 ақпан 17:36
Бөлісіңіз:
Ақсақалға қол көтеру оқиғасы бойынша сараптама жүргізіліп жатыр - Ерлан Тұрғымбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордай ауданында ақсақалға қол көтерген адам қамауда отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік медиаторларды даярлау ережесін қайта қарауды ұсынды Қазақстан мен Армения арасында ресми құжаттарды танудың оңайлатылған тәртібі белгіленді Сенатта пошта қызметтерін жеңілдетуге арналған құжат қабылданды

«Полиция қызметкеріне қол көтеру, жағасынан алу - Қазақстанда ғана емес, дүниежүзінің қай елінде болмасын қылмыстың үлкені. Біз оны көрдік, сол қылмыс жасағандар табылды ма? Оларға іс қозғалды ма? Екіншіден, қай халықта болмасын жасы үлкен адамға, ақсақалға қарсы сөз сөйлеу, жаман сөз айту жақсы емес. Бұл мәселе әлеуметтік желіде көп талқыланды. Осы ақсақалға (Қордай ауданында) қол көтерген адамдар табылды ма? Табылса, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?», - деп сұрады Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР ІІМ басшысынан.

Өз кезегінде Е. Тұрғымбаев бүгінде Қордай ауданында жағдай тұрақты екенін атап өтті.

«Біздің полиция қызметкерлеріне қол көтерген үш адам анықталып, қамауға алынды», - деп тоқталды министр.

Сонымен қатар ол ақсақалға қол көтеру оқиғасы бойынша сарапталық шаралар жүріп жатқанын айтты.

«Ақсақал бойынша мәселеге тоқталсақ, бұл іске қатысты азаматты ұстадық. Ол адам екінші күні ұсталды, қазір қамауда отыр. Атап айтқанда, медициналық сараптама біткеннен кейін, істі екі-үш аптадан соң сотқа жібереміз», - деді Ерлан Тұрғымбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, ҚР ІІМ, Қордай оқиғасы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT