Ақпаратқа қолжетімділік саласында жеке реттеуді қажет ететін мәселелер бар - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпаратқа қолжетімділік саласында жеке реттеуді қажет ететін мәселелер бар. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, заң ғылымының докторы Айсана Сман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заң 2015 жылы қабылданған еді. Заң қолданыста болған 5 жылдың ішінде ақпаратқа қолжетімділікпен байланысты жүйеде орын алып отырған қоғамдық қатынастарды реттеп келді. Дегенмен, ақпараттық қолжетімділік саласында жеке реттеуді талап ететін ерекшеліктер бар«, - деді ол «Денсаулық сақтау саласының ашықтығы: Жаңа трендтер ақпаратқа қолжетімділікке қалай ықпал етеді« деген тақырыптағы онлайн пікірталас барысында.

Сарапшының атап өтуінше, заң осыдан 5 жыл бұрын қабылданған. Осы уақыттың ішінде жаңа қоғамдық қатынастар пайда болды, оларды заңмен немесе заңнамалық нормативтік актілермен немесе Денсаулық туралы кодекспен реттеу қажет.

»Бұл сала неліктен қажет? Себебі «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заңның 6-бабында денсаулық сақтауға байланысты ақпараттарға азаматтардың қолжетімділігін шектеуге болмайтындығы жазылған. Яғни, заңда денсаулық сақтау саласында орын алған жайттардың барлығына заңнамалық, өзге де нормативтік актілер тарапынан шектеу болмайды деген сөз«,- деді Айсана Сман.





Фото: www.kz.undp.org

Соңғы жаңалықтар