+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Ақпарат министрі қазақстандықтардың көлік жүргізу мәдениеті туралы айтты

2019 жылғы 5 желтоқсан 22:13
Бөлісіңіз:
Ақпарат министрі қазақстандықтардың көлік жүргізу мәдениеті туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елімізде жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең алдымен, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Президент тапсырмасы бойынша, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Барлық зардап шеккендердің сауығып кетуін тілеймін. Шынында да, жол үстіндегі қаза – мемлекет жіті бақылауға алған үлкен мәселе», - деді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Сонымен бірге, министр мас күйінде көлік жүргізгендерді қатаң жазалау туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын еске салды.

«Қазір көшелерге бейнебақылау жүйелері көптеп орнатылып жатыр. Жол жабыны сапасы, инфрақұрылым, жарықтандыру қолға алынды. Осының арқасында 2013 жылдан бері апаттар санын 32%, мерт болғандар санын - 31% азайта алдық. Бірақ, көлік айдау мәдениеті, жолда жүру мәдениеті болмаса, мемлекеттің шаралары босқа жасалады. Барлық апаттың 77% жолда жүру ережесін бұзғаннан болады», - деді ол.

Оның айтуынша, көлік жүргізушілері көп жағдайда ережені саналы түрде бұзады.

«Ескерту белгілерін елемейді, жылдамдықты көбейтеді, мас күйінде рульге отырады, бағдаршамның сары түсіне өтіп кетуге тырысады. Біздің қауіпсіздігіміз тек өз қолымызда. Қарапайым аксиома болса да, естен шығарып жүрміз. Жолда жүру ережесін толық үйренбесек, камералар да, жол сапасы да бізге көмектеспейді», - деді Д. Абаев.

Еске сала кетсек, 3 желтоқсан күні «Қызылорда-Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусы жол апатына түсіп, аударылған болатын. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам емдеу орындарына жатқызылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға салдарынан көз жұмған марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT