Ақпанда із-түзсіз жоғалған атыраулық жігіттің денесі табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Ақпан айында із-түзсіз жоғалып кеткен атыраулық жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Атырау қаласына орналасқан Қайыршақты ауылының тұрғыны Наурыз Әйтекешев 5 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ал, 6 ақпанда кештен бастап полиция мен құтқарушылар 30 жастағы жігітті іздеуге кірісті. Алайда осы кезге дейін оның еш дерегі шықпаған еді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі айдан астам іздеуде болған жігіттің денесі өткен сенбіде, 17 сәуірде сағат 13:00 шамасында табылған.

«Жоғалған жігіттің денесі «Атырау-Индер» бағытындағы жол бойында, Талқайраң елді мекені аумағында орналасқан шаруа қожалығының контейнерінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты байқалмады. Мүрде сараптамаға тапсырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар