Ақпан айында Ақтөбеде 1 мың адам коронавирус вакцинасын қабылдайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақпан айында Ақтөбе облысында медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы екпе туралы ақпарат таратты. Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингіде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров алдымен медцина қызметкерлері екпе қабылдайтынын айтты.

«Ақпан айында мың адамға вакцина салынады. Олар инфекциялық стационарлар мен жедел жәрдем, қабылдау бөлмесіндегі медицина қызметкерлері. Емханадағы ақ халаттылар, эпидемиологтар егіледі. Екінші кезеңде білім беру мекемелерінің қызметкерлері вакцина қабылдайды. Барлығы 25 емдеу мекемесінде вакцинациялау жүргізіледі. Әр ауданда екпе қабылдауға мүмкіндік жасалмақ. Барлығы 150 мың адамды қамту жоспарда бар», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.


Соңғы жаңалықтар