Ақордада ҚР Президентінің штандарты көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Ақорда» резиденциясы алдындағы алаңда Қазақстан Республикасы Президентінің штандартын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Елбасының штандартын көтеру рәсімін өткізу үшін резиденция алдында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, «Айбын», Президент полкінің Құрметті қарауылы сап түзеді. Бұдан кейін штандарт салтанатты жағдайда көтеріліп, Әнұран орындалды. 

Қазақстан тарихында тұңғыш рет Мемлекет басшысының байрағы 1995 жылдан қолданыла бастады. Штандарт Республика Президентінің төсбелгісі іспетті, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады. Ол Елбасының Астанадағы резиденциясында тұрады және оның көліктерінде болады. 

Соңғы жаңалықтар