Ақорда Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын сан тілінде сөйлетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын сандармен сөйлетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды.

Екі күнге созылған мемлекеттік сапардың негізгі түйіні - Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен жүргізілген жан-жақты келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, әртүрлі салаларда ынтымақтастықты нығайта түсетін бірқатар маңызды үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы түрік бизнесінің ірі өкілдерімен кездесті. Олармен кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізері сөзсіз екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қол жеткізілген барлық уағдаластықтың орындалуы оның жеке бақылауында болады.

Былтыр Түркияның тікелей инвестициясы рекордтық көрсеткішке жетіп, 680 миллион доллар болды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия бизнес өкілдерінің басқосуында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия инвесторларына қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды.

Президент сарайында салтанатты түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу шарасы өтті.
Айта кетейік, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аяқталды.


Соңғы жаңалықтар