+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Ақмыш шатқалына бағытталған қаражаттың ұрлануына қатысты тергеу басталды

2020 жылғы 30 қазан 12:37
Бөлісіңіз:
Ақмыш шатқалына бағытталған қаражаттың ұрлануына қатысты тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмыш шатқалы ескерткішін абаттандыруға бағытталған ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бекетаев Стати ісі жайлы: Қазақстан бәріне нақты сигнал беруі керек «Almaty – Adaldyq Alany» құқықтық сауаттылықты арттырады - Ержан Бабақұмаров СҚО-да Ұлттық табиғи парк директорына 23 млн теңге айыппұл салынды

«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биылдың 14 қазанында Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ басшысының міндетін атқарушы мен компания директорына қатысты Ақмыш шатқалы ескерткішін абаттандыруға бағытталған ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді Д. Биғайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, қазіргі кезде кінәлі адамдар мойындау түсініктемесін берді.Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 9 айда лауазымды тұлғаларға пара беру фактілері бойынша 381 сотқа дейінгі тергеу тіркелді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT