Ақмолалықтарды Норвегияға жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ әйел сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Норвегияға жұмысқа орналаспақ болған ақмолалықтардың 11 миллион теңгесін жымқырған әйелді сот 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот үкімінде айтылғандай, сотталушы әйел Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде, яғни Норвегияда жұмысқа орналасуына көмектесемін деп, Көкшетау қаласында компания ашқан Сөйтіп кеңсе жалдап, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Бұдан кейін «OLX» сайтына жарнама жариялап, онда өз компаниясының шетелде жұмысқа орналасқысы келетін адамдармен келісімшарт жасайтынын айтқан. Бұған сеніп қалған азаматтар 100 мыңнан бастап, 700 мыңға дейін ақша төлеген. Осылайша алаяқ әйел барлығы 11 442 000 теңге ақша жинап, оны өз қажетіне жұмсаған.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін айтты. Сонымен қатар, әйелдің кәмелет жасына толмаған төрт баласының бары ескерліп, жеңілдік жасалды.

Көкшетау қалалық соты сотталушыны ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кәнілі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұдан бөлек, әйел осы уақытта матриалдық-жауапкершілік лауазымын атқара алмайды. Сотталушыдан зардап шегушілерге өтемақы қорына 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 50 500 теңге өндіріп алынды.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар