+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақмолалық жауынгерлердің сүйегі 79 жылдан кейін елге жеткізілді

2021 жылғы 12 маусым 17:16
Бөлісіңіз:
Ақмолалық жауынгерлердің сүйегі 79 жылдан кейін елге жеткізілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаудағы Даңқ мемориалында Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары Камен Жұманов, Төлеубай Жұмабеков және белгісіз жауынгерге әскери құрмет көрсетуге арналған «Ерлікке тағзым» естелік акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үздік меңгергендер анықталды Ақмола облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды Полиция департаментінің бастығы жас отбасыларды құттықтады - Ақмола облысы

Тағылымды шараға аймақ Ермек Маржықпаев, Ресей Федерациясы Елшілігінің, «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ қаза тапқан жауынгерлердің туыстары қатысты.

Аймақ басшысы өз сөзінде іздестіру тобына алғыс айтып, аталған акцияның өскелең ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.

«Біз қазір Отанымызды фашизмнен қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің жауынгерлік ерліктерінің мысалдарын жаңа ұрпақтың жадында сақтау үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. 90 мың ақмолалықтың 37 мыңнан астамы соғыстан оралды. Біз 500-ден астам қазақстандық батырлардың арасында Ақан Құрманов, Александр Герман, Николай Сергиенко сияқты жерлестеріміздің барын мақтан тұтамыз», - деп атап өтті Е.Маржықпаев.

Айта кетейік, 4 жыл ішінде Степногорск қаласының «Поколение» және «Көкше-іздестіру» жасағының іздеушілері соғысқа қатысқан 200-ге жуық адамның мәйітін тауып, жерленген орындарын анықтады.

1942 жылы 21 ақпанда Қорғалжын аудандық әскери комиссариаты шақырған Ақмола облысының тумалары Камен Жұманов пен Төлеубай Жұмабековтың сүйектері ағымдағы жылдың сәуір айында Тверь облысы Ржев қаласының аумағында Мәскеу қаласының «Пионер» іздестіру жасағымен табылды. Үшінші жауынгердің қалдықтарын анықтау мүмкін болмады.

Митингтен кейін сарбаздардың сүйегі туған жері Қорғалжын ауданына қайта жерлеуге жіберілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT