Ақмолалық жастар «Елбасы медалімен» марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жастар бағдарламасына қатысушы 29 жасқа «Елбасы медалі» күміс және қола деңгейі тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, медальдарды табыстау рәсімі жүлдегерлердің тұрғылықты жері бойынша барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Облыстағы алғашқы күміс медальді П.Исаков атындағы №1 Ақкөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Надежда Гайворонская иеленді. Надежда Гайворонская 12 ай бойы күміс деңгейдегі бағдарламаны орындап, лайықты медаль алды.

«Бағдарламаға қатыса отырып, жастар өз уақыттарын басқаруға, мақсаттар қоюға, оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді», - атап өтті ұйымдастырушылар.

2020-2021 жылдары Ақмола облысының 122 қатысушысы қола медальға ие болса, 1 қатысушы күміс медальмен марапатталды.

«Елбасы медалі» жобасына қатысуға қабылдау жалғасуда!

Айта кетейік, «Елбасы медалі» - елдің ең ауқымды challenge болып табылады. Қатысуға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар шақырылады. Қатысушылар қола, күміс немесе алтын деңгейлерін таңдап, 6 айдан 18 айға дейінгі бағдарламаны бастауы керек. Осы уақыт ішінде жастар өз дағдыларын спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі тәрізді 7 бағытта дамытады.


Соңғы жаңалықтар