+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Ақмолалық триатлоншылар республикалық турнирдің жүлдегері атанды

2021 жылғы 12 мамыр 19:10
Бөлісіңіз:
Ақмолалық триатлоншылар республикалық турнирдің жүлдегері атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық спортшылар Тараз қаласында өткен бессайыстан Қазақстан Республикасының 5-ші Жастар спорт ойындарында жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Еуропа чемпионаты: Нидерланды Украинадан басым түсті Қазақстандық жас теннисші Грузияда өткен турнирдің чемпионы атанды Толық жиынтық: Милад Карими әлем кубогінде 3-медаль жеңіп алды

Ведомствоның мәліметінше, жарыс суда жүзу, семсерлесу және лазер-ран бойынша өтті. Оған қатысқан 18 жасқа дейінгі ақмолалық спортшылар барлығы 7 медаль иеленді. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Ақмола облысы үздік үштіктен көрінді. Бұл жарыстағы жеңіс, спортшылар үшін алдағы жетістіктерге жетелейтін демеу болды.

«Жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Өңірдің намысын лайықты қорғауға барымызды салдық. Сол сенім мен үмітті ақтадық деп ойлаймын. Бізде бессайыс бөлімінің ашылғанына небәрі жарты жыл ғана болды. Спорттың бұл түріне қызығушылық танытқан спортшылар бізде әлі де аз. Сондықтан жарыста өңір намысын триатлоншылар қорғады. Мәселен, бессайыстағы семсерлесуге біздің спортшылар 2 ай ғана дайындалып үлгерді. Десе де, осындай жоғары нәтижеге қол жеткіздік», - деді жарыс жеңімпазы Анатолий Голубь.

Атап айтсақ кәсіби тұрғыда жалпы өңір бойынша спорттың триатлон түрімен 112 адам айналысады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT