Ақмолалық тәртіп сақшылары жолда қалған жүргізушіге көмектесті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық тәртіп сақшылары аязда көлігінің бензині таусылып, жолда қалған жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қаңтардың 19-да полиция кіші лейтенанты Әлнұр Өмірзақов пен полиция капитаны Әсет Ахметов «Нұр-Сұлтан-Павлодар» тас жолының 160-шы шақырымында тоқтап тұрған «Nissan» автокөлігін байқаған. 42 жастағы жүргізушіден сұрай келе, оның Семей қаласына бағыт алғанын, жолда көлігінің бензині таусылып қалғанын анықтады.

«Жүргізуші жолда шамамен жарты сағат тұрып қалған. Тәртіп сақшылары оның көлігіне жанармай жеткізіп берді. Нәтижесінде жүргізуші тәртіп сақшыларына алғысын айтып, сапарын одан әрі жалғастырды», - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдікәрімова.


Соңғы жаңалықтар