Ақмолалық полицейлер қаза болған әріптестерін ақтық сапарға шығарып салды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық полицейлер қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған әріптестерін ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 33 жастағы полиция капитаны Қанат Химидуллин мен 38 жастағы полиция капитаны Қанат Отарбаевты жерлеу рәсімі бүгін, 16 қазан күні туған жері Щучье қаласында өтті.

Шараға Ақмола облыстық ПД жеке құрамы, Щучье қаласының әкімдігі, өңірдің өзге де органдары мен поркуратура және марқұмдардың туған туыстары, әріптестері қатысты.

Қоштасу рәсімінде ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың жедел хатын оқып берді. Ведомство басшысының жеделхатында полиция капитандары Қанат Химидуллин мен Қанат Отарбаевты қызметіне берлігендігі, адалдығы, кәсіби шеберлігі айтылған.

Сонымен қатар, шарада облыстық ПД бастығы Арманбек Баймурзин өз сөзінде, қаза болған полиция қызметкерлерінің отбастарына ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» заңының 66 және 67 баптарына сәйкес, бір реттік көмек және ақшалай өтемақы төленетінін айтты.

Еске сала кетейік, 15 қазанда Щучье қаласында екі полицей жол апатынан қаза тапты. Lexus NX20 машинасы қызмет бабында жүрген учаскелік полицейлердің Lada-21214 көлігін үлкен жылдамдықпен келіп соққан.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мерт болған полицейлердің отбасына көңіл айтты.


Соңғы жаңалықтар